Тұрғындар балабақша маңың қоқыс алаңына айналдырған

-Құзырлы органдар №80 үйге назар аударса екен. Аталмыш көпқабатты үйдің тұрғындары балабақша маңайына қоқыс тастап кетеді. Мен мұны үнемі көремін. Осы үйдің балалары шыны бөтелкелерді бетон қоршауға сындырады. Барлық қоқысты жинауға шамам жетпей жатыр, деп ашынды балабақшаның аула сыпырушысы Виктор Лысенко.

 

ПИК ірі көлемді қоқыс лақтыратын орын ретінде балабақша маңайын таңдаған екен. Сәйкесінше тұрғындар телімді қоқысқа толтырған. Виктор Лысенконың айтуынша, ескі дивандар мен құрылыс материалдарының орнына адамдар барлық тұрмыстық қалдықтарды тастап кетеді екен. Жел салдарынан барлығы балабақшаға қарай ұшады.  

 

-Біздің қызметкерлер ТҮКШ, полиция өкілдерімен оқиға орнына барып, апаттық қоқыс орны бар ма жоқ па екенін анықтайтын болады. Кейін қоқыс тастауға рұқсат бергендерді табамыз. Олар жауапкершілікке тартылады, -деп түсіндірді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанат Желдібаев.

 

Тұрғын үй инспекциясында қажет болған жағдайда  тұрақты қоқыс орны мәселесі қарастырылатыны туралы айтты. Мақұлданса ол бетоннан құйылып, қоршау пайда болады.