• Басты бет
  • Қоғам
  • Тұрғындар жолдардың сапасыз жөнделгенін анықтауға көмектесе алады

Тұрғындар жолдардың сапасыз жөнделгенін анықтауға көмектесе алады

Науқанға қатысқыңыз келсе жол жөндеудегі ақауларды суретке немесе бейнеге түсіріп жіберсеңіз жеткілікті. Барлық шағымдар мен ұсыныстар adildik.kz сайты арқылы қабылданады. Мұнда жолдың орналасқан ауданын көрсетіп жанына бейне мен суретті қосып, ақауды сипаттап жазу қажет. Атыңызды құпия сақтауға да болады.

 

- Қазір біз жолдарды бақылауға аламыз. Егер біздің азаматтар белсенді ат салысса жақсы болар еді, - деп мәлімдеді «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының басшысы Нұргүл Қайырденова.

 

Халықтан түскен шағымды қараумен қоғамшылдар өздері де тексеріс жүргізбек. Әзірге мердігерлер жөндеу жүргізген, алайда кепілдік міндеттемелері әлі де аяқталмаған облыстық және аудандық маңыздағы он алты жол бар.

 

Бибінұр Хамитқызы