• Басты бет
  • Қоғам
  • Тұрғындар қалалық автобустардың қатынау уақытына наразы

Тұрғындар қалалық автобустардың қатынау уақытына наразы

Қалалықтар соңғы бірнеше айда автобустардың жүру уақыты ұзарғанын байқаған. Айтуларынша аялдамаларда көп күтуге тура келеді. Әсіресе күн суық болғанда қиындық тудырады дейді. Ал тасымалдаушылардың айтуынша қала ішіндегі бағыттарда жолаушылар саны азайғанымен автобустардың жүру интервалына өзгеріс енгізбеген. Мәселе тек үлкен санатты көліктердің істен шыққан жағдайында туындауы мүмкін. Ал №44 автобустың жүру кестесі жолаушылардың саны азайғандықтан қысқарған. Бұл Павлодарское ауылына қатынайтын қоғамдық көлік.

 

- Сирек жүруінің себебі бұдан бұрын 6 кесте болатын. Қазір оның саны бесеу. Бұл қазіргі жағдайға байланысты. Көптеген мекемелер қашықтықтан жұмыс істейді, оқушылар мен студенттер де үйден оқуда, сауда үйлері демалыс күндері жабық. Қазір Павлодарское ауылына жүру қашықтығы 20 минутты құрайды. Ал сағат 19.00-ден кейінгі соңғы автобустардың уақытын 40 минутқа ұзарттық, - дейді№1 автобус паркі тасымалдау қызметінің бас инженері Сергей Тарасов.

 

Айта кететіні, қыркүйектің 16-нан бастап  №44-ші бағыттың соңғы рейсі 18.50-де қаладан, ал 19.30-да ауылдан жүреді. Сонымен қатар, Ленин кентіне қатынайтын №38-ші автобуста да осындай жағдай. Тасымалдаушылардың айтуынша адам саны көбейсе өзгерістер енгізулері мүмкін. Бұл ретте жиі бақылау жүргізеді. Сондай-ақ, қоғамдық көліктердің жүру уақытын Go2bus мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болатынын еске салады.