• Басты бет
  • Қоғам
  • Тұрғын:«Осындай қазба жұмыстары арқасында жарықсыз және қыста жылусыз қалған»

Тұрғын:«Осындай қазба жұмыстары арқасында жарықсыз және қыста жылусыз қалған»

8 кіреберісі бар Ткачев, 10 мекенжайына өткен жылы жаңа балалар алаңы салынған. Жуырда тұрғындар оның маңайында ауыр техниканы байқап, қандай жұмыстар орындалатынын білгісі келіпті. Салынып жатқан көршілес үйге коммуникацияларды балалар алаңы арқылы тартпақшы. Тұрғындар бірден өз қарсылықтарын білдірді.

 

  • Олар 300-ден аса пәтері бар үй арқылы кәріз жүйесіне қосылмақшы. Біздің коллекторлар үнемі толып жатады. Жаңадан салынған екі көпқабатты қосылса, мәселе көбейеді. Бұл алаңды бізге екі жыл бұрын құрған. Кеше техника келіп, қазба жұмыстарын бастаған. Барлық құжаттарымыз бар дейді. Өткен жолы бұл үй осындай қазба жұмыстары арқасында жарықсыз және қыста жылусыз қалған

 

Шенеуніктер құрылыс жобасы алдын-ала мақұлданғаны туралы мәлімдеді. Жобаны дайындау барысында барлық талаптар ескерелді.

 

-Техникалық талаптарды беру барысында «Павлодар-Водоканал» қандай да бір олқылық анықтаған жағдайда, құжаттар берілмейді. Оның алдында жақын маңайдағы үйлердің су қысымы және кәріз жүйесінің толуы жіті тексеріледі. Жоба бекітілмеуші еді,- дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Темір Қасқабаев.

 

Демек, коммуникацияларды тарту жалғасады. Жұмыстар барысында бұзылған барлық архитектуралық формалар және басқа да элементтер қайтадан қалпына келтіріледі деп сендірді бөлім мамандары.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа