Тәртіп сақшылары енді жайылымдарды атпен араламақ

Жалын негізінен Ақсу ауылдық аймағы мен Павлодар ауданында бірнеше күн бойы тарады. Алайда ТЖД нақты көлемін айта алмады. Себебі тек орман орналасқан алқаптарды есептейді. Ал ағашты аумақта он бес гектар жанған.

 

- Қазіргі жағдайда 10 жану жағдайы, 1 орман өрті тіркелді. Павлодар орман шаруашылығы елді мекенінде 15 гектар жерде қалған жерлер ауылдық округтердің шөптері жанды, - Павлодар облысы ТЖД басшысы Ернұр Өтегенов.  

 

Бүгін Әбілқайыр Сқақов өртке қауіпті кезең басталуына байланысты жиналыс өткізді. Анықталғандай күз мезгілінде жиырма мың гектардан аса аумақта шөп шабылмаған. Бұл өртке аса қауіпті деді. Тәртіп сақшыларына  өрт қоюшыларды анықтауға белсенді кірісуді тапсырды.

 

- Ол жақтарға жаяу өту қиын. Бізде ат жеткілікті. Сол себепті атпен бақылауды жоспарлап отырмыз. Барлығы радостанциялармен, дүрбімен қамтамасыз етіледі. Бұл жасақтар өрт қоятын тұлғаларды анықтайтын болады, - деді Павлодар облысы ПД басшысының м.а. Жасқайрат Қайыров.

 

 Сонымен қатар аймақтың бас құтқарушысы саяжай маусымы басталуына байланысты бағбандарды аса сақ болуға шақырды. Тәжірибе көрсеткендей, мұндағы жалын көбінесе қараусыз қалған саяжай үйлерінен тарайды.