• Басты бет
  • Қоғам
  • Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Павлодар облысында жүзден астам адам бостандыққа шығуы мүмкін

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Павлодар облысында жүзден астам адам бостандыққа шығуы мүмкін

Біздің аймақта түрмеде отырған екі мыңға жуық адамның 257-і ғана рақымшылыққа үміттене алады, ал жүзден аса адам бостандыққа шығуы мүмкін. Бұлардың барлығы жеңіл қылмыс жасағандар. Сонымен бірге пробация қызметінде есепте тұрған шамамен 700 адам мемлекеттен кешірімге ие бола алады.

- Қазіргі таңда арнайы есеп бөлімінің қызметкерлері рақымшылықты қолдану үшін материалдарды сотқа жібереді. Сот тағайындалған кезде сотталушылар оған қатысады,одан соң сот оларды түрмеден босату, мерзімін қысқарту және басқа да сұрақтарды қарайды, - деді Павлодар облысы ҚАЖД баспасөз хатшысы Гүлжан Абдуғалиева.

Айта кету керек, рақымшылыққа адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеген қылмыстарды жасаған адамдар ғана үміттене алады. Бұл ретте тонау және адам өлтіргені, есірткі таратқаны және зорлық үшін қатаң тәртіптегі абақтыда отырғандар тізімде мүлдем жоқ. Павлодар облысы абақтыларында шамамен екі мың адам жазасын өтеп жатыр.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы