• Басты бет
  • Қоғам
  • Төбелес кезінде адам өлтірген екібастұздық 15 жылға дейін қамалуы мүмкін

Төбелес кезінде адам өлтірген екібастұздық 15 жылға дейін қамалуы мүмкін

Әйелдің айтуынша оның үш баласы бір топ жігіттен қорғанған, ешкімді өлтіргісі келмеген. Бүгін сотта материалдарды зерттеуге кірісіп, куәгерлерден жауап алды. Тергеу нұсқасы бойынша Екібастұз тұрғынын қасақана өлтірген. Ер адам өлімге әкелген пышақ жарақатын алған. Айыптаушы тарап сотталушы пышақты нақты мақсатпен алған деп санайды. Алайда айғақ затты таппады.

-Амиров Мералиевке дене жарақатын салғаннан кейін ол қылмыстық әрекетім соңына дейін орындалды, Мералиев өлді деген оймен Амиров М.С., Амиров Д.С., сонымен бірге Амирова А.М. Honda Odyssey маркалы көлігімен қылмыс орнынан ізін суытқан,-дейді прокурор.

Сотталушының туысқандары оның адам өлтірем деген ниеті болған жоқ дейді. Айыпталушының анасы ол сол жерге кіші ұлын ұрып тастағаны үшін барды дейді. Ағайындылар сөйлесуге келген, алайда ондағы бір топ бала бірден жабыла кеткен.

-Бізге 15 бала жабылды. Барлығы ішіп алған. Біз бірден полицияға бардық, ұлым да барды. Төбелес болып, бізге жабылды, сол кезде пышақ сілтегенін, алайда ол жігіттің тірі ме жоқ па екенін білмейтінін бірден айтты,- дейді сотталушының анасы Амирова Айгүл.
Сотталушы өзі кінәсін жартылай мойындады. Ол сот отырысында төбелес кезінде қолына пышақ алғанын жоққа шығармайды. Алайда оны қорғану үшін қолдандым дейді. Дегенмен асыра сілтеген. 28 жастағы жігіттің туысқандары бапты ауыстыруды сұрайды.

Авторы:Бибінұр Хамитқызы.