Төсек тартып жатқан тыл еңбеккеріне көмек керек

Зинаида Николаевнаның жамбас басы сынған. 1-топ мүгедегі туралы ақпан айында шыққан сюжетімізде кереуетті сатып алу үшін қала басшысы Ержан Иманслям демеушілерді іздестіріп жатқанын айтқан болатын, ал жуырда қызы Натальяға әкімдіктен хат келді.
- 2020 жылы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдығына барлық тыл ардагерлеріне 30 мың теңгеден және короновирусқа байланысты І, ІІ топ мүгедектеріне және соғысқа қатысқандарға 50 мың теңгеден бердік деген хат келді. Басқа көмек көрсете алмаймыз деп жазыпты, - деді Наталья Совельева .
Қала әкімі кереуетті сатып алуға бюджеттен қаражат қарастырылмағанын жазған. Ал демеуші әлі де табылмапты. Натальяның айтуынша қазір анасы тозығы жеткен диванда жатуға мәжбүр.
- Диванның ортасы астына түсіп кеткен. Себебі ол ескі. Мен ол жерге түзу болу үшін көрпелерді салып қойдым. Сол үшін ол бататындықтан анамның арқасында үнемі қызыл сызықтар пайда болады. Сондықтан маған кез келген бүтін бір жарым кісілік кереует керек. Бастысы оған жатуға ыңғайлы болса жетеді, - деді қызы.
Натальяның айтуынша арнайы матрасты мейірімді жандар әкеліп берген. 8-наурыз мерекесі қарсаңында да анасына кереует сыйлайтын демеуші табылса дейді.