Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Усолка мөлтекауданындағы апатты кім жояды?

Қоғам

13
Майра көшесіндегі №15-үйдің артында жер астынан қайнақ су атқылауда. Күн сайын оның қысымы артып келеді. Адамдар қыс мезгілінде ыстық сусыз және жылусыз қаламыз деп алаңдаушылық білдіруде. Оны әрдайым жөндейді, алайда бұдан нәтиже жоқ. Соңғы рет коммуналшылар мұнда бір апта бұрын келген.

-30-ы күні жылу желілері жұмыскерлері келді. Жер қазу жұмыстарын орындап, жаңа құбыр орнатты. 9-ы күні қайта жапты. Ал 10 қазанда қайтадан су аға бастады. Құбыр жердің астында қалды. Бұл мәселеге ешкім көңіл аудармайды. Жауып тастап кетті, - дейді  Майра көшесіндегі №15-үйдің тұрғыны Наталья Юненко.

 

Жер астынан шығып жатқан судың мөлшері артып келеді. Айналаны бу басқан. Адамдар ешкім араласпаса жағдай ушығады деп алаңдайды. Қала әкімдігінде бұл мәселеден хабарымыз бар деді. Айтуларынша құбырдың ақауын үнемі жөндеп отырады.

 

-Тағы бір ақау орын алды. Бүгінгі күні «Павлодар жылу желілерінің» мамандары оқиға орнына барып, зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Ертен таңертен ақауды жоюға кіріседі, -деп хабарлады Павлодар қала әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны жайлы қала әкімдігінде айта алмады. Нақты мерзім қазу жұмыстарынан кейін белгілі болады.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()