• Басты бет
  • Қоғам
  • Валентина Жумагазиева Қазақстан электролиз зауытындағы жұмысын тағдырым деп санайды

Валентина Жумагазиева Қазақстан электролиз зауытындағы жұмысын тағдырым деп санайды

-Біз шикізат сынамасын іріктеуді, аралық өнімдерді  толық бақылауда ұстаймыз. Әр ауысымда сұйық алюминий сынамасын аламыз. Оны зертханаға анализге тапсырамыз. Химиялық анализ түскен соң алюминий маркасын шығарамыз, - дейді «ҚЭЗ» АҚ   орталық зауыт зертханасының техникалық бақылау бөлімінің түсті металлургия өнімдерінің бақылаушысы Валентина Жумагазиева.

 

Валентина Жумагазиева ҚЭЗ жұмысын тағдырым деп санайды. Металлургтер күні олар үшін ерекше отбасылық мереке.

 

-Мен үшін жұмыс бұл біріншіден жауапкершілік, тұрақтылық. Мен өз жұмысымды мақтан тұтамын. 10 жылдан астам уақыт істеймін. Мұнда мен өз күйеуімді кездестірдім. Ол да зауытта жұмыс істейді. Бірге тер төгіп, алюминий өндірісіне өз үлесімізді қосудамыз, -дейді мақтанышпен біздің кейіпкеріміз.

 

Валентина Жумагазиева әріптестерімен бір отбасындай болып кеткен. Жыл сайын металлург ең ерекше мамандық екеніне көзім жетуде дейді. Бұл жағынан күмән жоқ.

 

«Біздің ұжым керемет, жақында қосылған жұмыскерлер бар. Тәжірибелі мамандар да көп. Олар үнемі қолдау танытып, кеңесін аямайды. Басшылық та жақсы. Үнемі тыңдайды»- дейді Валентина Жумагазиева.

 

Валентина металлургтер күнін өз жұмыс орнында қарсы алады. Ауысымда болады. Алайда біздің сюжеттің кейіпкері бұл мерекені одан да әсерлі ететінін айтты.