• Басты бет
  • Қоғам
  • Вирус өршіп тұр: Қазан айында Павлодар облысында жүзден аса бала өкпе қабынуына шалдыққан

Вирус өршіп тұр: Қазан айында Павлодар облысында жүзден аса бала өкпе қабынуына шалдыққан

 

 

Мамандардың айтуынша қазір суық тию мен тұмаудың қызған шағы. Қазан айынан бері ауырғандар саны артқан. Дегенмен де өткен жылмен салыстырғанда әжептәуір төмен.

 

-Бүгінгі таңда 1 қазаннан суық тиген диагнозбен 5600 адам тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл аз. 2021 жылы 11 мыңнан астам адам респираторлық вирустық инфекциямен ауырған, -дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Буратаева.

 

Халық арасында ауыр халде түскендері жоқ. Дегенмен тұмаудың жеті жағдайы тіркелген. Өткен жылы күзде тек біреу ғана болды. Қазан айында дәрігерлерге барлығы 1300-ден астам бала жүгініпті. Көбісі суық тию мен өткір респираторлы вирустық инфекция.

 

-111 бала өкпе қабынуымен түсті. 111-дің 86-сы ауруханаға жатқызылды. Балалар инфекциялық стационарының қабылдау бөліміне жүгінген науқастардың 36 пайызын ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Оларға нұсқама беріліп, патронаждарға жіберілді,-дейді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлнар Құлмағамбетова.

 

Сонымен бірге мектептер мен балабақшаларда күн сайын бақылау жүргізуде. Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша оқушылардың 20-дан 30 пайызға дейінгі саны ауырса оқу тек бір кабинетте өтеді, ал отыздан көп болса қашықтықтан оқуға жіберіледі.