Визасыз режим. Қазақстан паспорты әлемдік рейтингіде 57-орынға көтерілді
Қазақстан паспорты Henley Passport Index әлемдік рейтингінде 57-орынға көтерілді. Енді Қазақстан азаматтары 78 елге визасыз бара алады деп хабарлайды irbistv.kz. Stan.kzақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Henley & Partners жаңартылған индексіне сәйкес, Қазақстан паспорты жаһандық рейтингтегі орнын жақсартып келеді.
Қазақстан 2023 жылы 70-орында болса, 2024 жылы – 66-орынға, 2025 жылы – 61-орынға көтерілген. Ал биыл ел 57-сатыға жайғасты. Осылайша, соңғы 2,5 жылда Қазақстан паспорты 13 орынға жоғарылады.
Рейтингіде Қазақстан Боливия мен Беларусьтен жоғары тұр, алайда Косово мен Қытайдан кейін орналасқан.
Аймақтағы елдер арасында Қазақстан орта тұста келеді.
Қырғызстан мен Өзбекстан 73-орында тұр. Бұл елдердің азаматы 59 елге визасыз кіре алады. Тәжікстан 79-орында, 53 елге еркін барса, Түрікменстан 87-орында, 45 елге визасыз қатынайды. Ресей 44-орында – 113 бағыт, Беларусь 58-орында, Әзірбайжан 66-орында – 67 ел.
