• Басты бет
  • Қоғам
  • Халықаралық бақылаушылар: «Сайлауда заңсыздықтар болған жоқ»

Халықаралық бақылаушылар: «Сайлауда заңсыздықтар болған жоқ»

ТМД-дан келген бақылаушылар сайлау күні қаладағы 10-нан астам дауыс беру учаскілерінде өз миссияларын атқарды. Меймандар  шараның ашық өткенін, пандемия жағдайында барлық сақтық шаралары орындалғанын айтты. 

 

- Біз барған сайлау учаскілерінің ешқайсысында бұзушылық тіркелмеді. Бақылаушылар мен сенімді тұлғалар тарапынан жазбаша және ауызша өтініштер келіп түспеді, - деді Ресейден келген халықаралық бақылаушы Юрий Назаренко.

 

Делегация мүшелерінің айтуынша Павлодарда бұрын да болған. Бұл ретте басқа сайлаулармен салыстырғанда жоғары деңгейдегі дайындыққа назар аударды. Делегацияның алдағы уақытта сайлауды ұйымдастыруда ескеретін тек бір тілегі болды. Бұл дауыс беру учаскелерінде мерекелік көңіл күйін қалыптастыру.