Химик-эколог:«Жақсылықтан жақсылық іздемейді»
Сәуле Тілегенова Ақсу ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау зертханасында жұмыс істейді. Оның жұмысы ерекше маңызды. Маман кәсіпорын аумағында және оның санитарлық-қорғау аймағындағы ауаның жай-күйін бақылайды.
-Көп нәрсені білу керек. Үңілу қажет. Нәтижесін алған соң оның дұрыс екенін түсіну қажет. Сәуле бұл ретте көп жұмыс жасайды. Өзін үлкен маман ретінде көрсетті. Қиын құрылғыларды, оның ішін МГА спекторметрін меңгерді,- дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау зертханасының бастығы Людмила Березовская.
Қазақстанда мұндай құрылғы екеу ғана. Біреуі Өскеменде, екіншісі Ақсу ферроқорытпа зауытында. Бұл модификацияның спектрометрі ең заманауилардың бірі болып табылады, ол ағынды сулардағы және атмосфералық ауадағы ауыр металдардың концентрациясына дәл талдау жасайды. Бұл қоршаған ортаға әсерін барынша азайту бірінші міндет болып табылатын компанияға шамалы ауытқуларға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Құрылғымен жұмыс істеу өте қиын.
-Мұнда әрбір элементтің шамы бар. Ол белгілі бір ұзындықта және толқында. Әрбір шамға, әрбір элементке кесте жасаймыз. Мұнда 6 ұяшық бар. 6 элемент жасаймын, шамдарды ауыстырып жаңадан реттеймін,- дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау зертханасының химик-экологы Сәуле Тілегенова.
Химиялық талдау зертханашысы өндірісте таптырмас маман. Сәуле Тілегенова зауытта 14 жыл еңбек етіп келеді. Мамандықтағы ең бастысы – нақтылық, ұқыптылық және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Оның көп жылдық тәжірибесі үлгілер мен есептеулерді жылдам жасауға мүмкіндік береді. Барлық әдістерді біледі, бірақ қызығушылықпен жаңаларын зерттейді. Мамандығын өзгертуді ойламайды да.
-Мұнда дамып, өсуге болады. Сондықтан мен жұмысымды ауыстырғым келмейді. Былайша айтқанда «Жақсылықтан жақсылық іздемейді». Мұнда тұрақтылық, ұжым жақсы. Бастысы маған қызықты. Жұмысым ұнайды,- дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының қоршаған ортаны қорғау зертханасының химик-экологы Сәуле Тілегенова.
Сәуле Тілегенова жұмыстан кейін қыздары мен немерелері күтіп тұрған үйіне асығады. Олар өз анасы мен әжесін барлық жағынан мақтан тұтады және қорғайды. Демалыс күндерін толық отбасына арнайды. Үйінде Сәуле Қожабекқызы химик-зертханашы емес, ең сүйікті әже.
Авторы: Елена Белоградова