ХҚКО-на міндетті түрде алдын ала бронь жасау керек

Алайда шілденің 7-нен өңіріміз «қызыл» аймаққа өткен соң, облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен жұмыс істеу тәртібі өзгерген. Мемлекеттік корпорация мамандары осы орайда кезек алуды ертерек жоспарлап, жазылған дұрыс дейді. Және уақытында келген абзал.

 

- Азаматтарды жасалған бронь негізінде кешікпеуді сұраймыз. Себебі егер Сіз ХҚКО кешігіп келетін болсаңыз, Сіздің броньдалған талоныңыз жүйеде көрінбей қалады. Сол себепті броньді жаңадан жасауға тура келеді, - дейді «Азаматтарға арналған Үкімет» МК Павлодар облысы бойынша PR-менеджері Мейрамгүл Абдырахманова. 

 

Азаматтар кезекті ертерек ала алмаса, ХҚКО мамандары сол жерде көмек бере алады. Тек ол дәл сол күнге сәйкес келмеуі әбден мүмкін дейді Мейрамгүл Абдырахманова. Сондықтан аталмыш шараны қазіргі таңда қолжетімді барлық электрондық ресурстар арқылы жүзеге асыруға болады. Олар: Егов порталы мен мобильді қосымшасы. Және телеграмдағы арнайы бот пен 1414 телефоны. Осы орайда мемлекеттік корпорация өкілі қазіргі таңда барлық қызмет көрсетулердің 90 пайызға жуығы электронды нұсқада қолжетімді екендігін атап өтті. Ол үшін ең бастысы – ғаламтор болса жеткілікті.

 

 

Авторы: Роза Жомартқызы