ХҚКО сыйлық береді

Халыққа қызмет көрсету орталығына келген Зарина күтпеген жерден «Бақытты клиент» атанды. Айтуынша мұнда жуырда туған қызының құжаттарымен келген.

 

- Бүгін баланың туылғанына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуге келдім. Маған осындай сыйлық жасады. Мен өте қуаныштымын. Үлкен рахмет, - деді ол.

 

Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының айтуынша күніне 400-ге дейін адам қабылдайды. Олардың қатарында маңызды күн иелері болса, кішігірім сыйлықтарын табыстайды. Мысалы шарлар, шоколад сындылар.

 

- Егер сіздің бүгін туған күніңіз болса, немесе 16 жасқа толып бірінші рет жеке куәлік алып жатсаңыз, бала тууына байланысты немесе зейнетке шығып жатсаңыз халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары сізге көңіл аударып, сыйлық сыйлайтын болады, - «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының пиар - менеджері Мейрамгүл Абдрахманова.

 

Орталық қызметкерлері мұндай шара қазіргі уақытта әсіресе қажет дейді. Сондықтан «Бақытты клиент» акциясын әрдайым өткізбек.