ЮНЕСКО: «Әлем бойынша мұндай музей жалғыз»

Айтуынша пандемия да, төтенше жағдай режимі де оның шығармашылық жұмысына әсерін тигізген жоқ. Бүгін музей үйінде дәстүрлі түрде эксклюзивті күйтабақтар тыңдалды.

- Мен өмірімнің «Брусиловский күні» атты бас кітабын жазып үлгердім. Бұл композитор туралы ғана емес, тұтас дәуір туралы да үлкен естелік роман. Мұның бәрін Наталья Михайловнаның арқасында жасадым. Сонымен қатар, жұмыстар да қызу жүруде. Әлі анықталынбаған күйтабақтар өте көп, - дейді ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, коллекция жиюшы Наум Шафер.

Барлық мәдени қазына Наум Шафер атындағы музейінде сақтаулы. Күйтабақтардың жалпы саны 27 мыңнан асады. Тағы бір қызықты дерек, ЮНЕСКО әлем бойынша мұндай музей үйінің жалғыз екенін мәлімдеген.