• Басты бет
  • Қоғам
  • Залдың қалпына келуін тосып шаршаған балалар боксты тастап жатыр

Залдың қалпына келуін тосып шаршаған балалар боксты тастап жатыр

Мекеме жөндеуге келмейді деп шешілген еді. 100-ден астам жеткіншек жаттығу жасайтын спорт нысанының қалпына келу мерзімі әзірге белгісіз. Құрылысты күткенше жас қолғап шеберлерінің тең жартысы спорттан кетіп жатыр екен

 

-Демонтаждау жұмыстарына 21 миллион теңге бөліген еді, бірақ іс жүзінде, конкурстық құжаттама бойынша мердігер 8 миллион 200 мың теңге бойынша жеңіске жетті. Қосылған құн салығын есепке алғанда 9 миллион 184 мың теңге. Мердігерлік ұйым жоспар бойынша жұмыс жасап келеді. Наурызда бастап, сәуір айының соңында демонтаж аяқталады деп күтілуде,- дейді «Батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Шығыс Семеев.

 

Бокс залының жойылуы салдарынан ғимараттағы үйермелерге келетін 120-дан астам балалардың 40-50% спортты тастап кетті. Тек жарыстарда өңір намысын қорғап жүрген шеберлер ғана жаттығуларды жалғастыруда. Олар уақытша «Ertis Olimpic» бассейнінің жертөлесінде дайындық жасауда.

 

  • Қаламыздағы боксшылардың 70% жертөледегі немесе ескі үйлердің ішінде жабдықталған клубтарда айналысуға мәжбүр. Жалғыз бокс федерациясының ғимараты барлық спортшыларды қабылдауға келмейді. Әрі ол жерде өңіріміздің мықтылары жиналып, оқу жаттығу жиындарын өткізеді. Мында «Сарыарқа» ауданы дамып келеді. Тұрғындар өте көп. Бокспен айналысатындар жетеді, бірақ әзірге дайындалатын жер жоқ,- дейді «Батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Шығыс Семеев.

 

Демонтаж жүргізіліп жатқанымен, одан кейін бокс залы қалпына келеді ме нақты емес. Әлі күнге дейін құжаттық-сметалық жұмыстар жасалмаған. Бұл кем дегенде 6-9 айды құрайды, кейін құрылыс жобасы бюджеттік жоспарлауға да ілігу қажет.

 

Авторы:Дархан Бекишев