• Басты бет
  • Қоғам
  • Затон шағын ауданындағы ескі барақ үйлер 2029 жылға дейін толық бұзылады

Затон шағын ауданындағы ескі барақ үйлер 2029 жылға дейін толық бұзылады

 

 

Естеріңізге сала кетейін, адамдар мәселеге назар аударуды және апатты ғимараттардан көшіруді бірнеше жыл бойысұрап келеді. Бүгінгі таңда тек ғана екі үйдің орнына жаңасы салынуда. Тұрғындардың шағымдарымен депутаттарға жүгінді.

 

Затон шағынауданында жалпы саны 20 барақ бар. Бұл ретте адамдар пәтерде от жағып, суды тасып ішуге мәжбүр. Оның үстіне үй құлап кетеді ме деген үреймен өмір сүруде. Шенеуніктер инвесторды бірнеше жыл бойы іздеп келеді, ақыры үй салатын компания табылды.

 

- Қазіргі уақытта инвестормен келіссөз жүргізілуде. Желілердің құырлысына қатысты жобалық құжаттама әзірленуде. Үйлерді келер жылы алып тастау жоспарланып отыр,-деді қалалық архитектура бөлімі басшысының м.а.

 

Ал тұрғындар инвестормен кездесіп үлгергендерін алға тартты. Айтуларынша, қазір қандай шаршы метрде тұрып жатса, сондай көлемде баспана салынады делінген. Адамдар бұған наразы. Бұл мәселенің тек бер жағы деп налиды халық.

 

- Жарыққа ақша төлейміз, қоқысқа келгенде тағы да төлейміз. Ал оның бәрін төлемесең қиып кетеді. Бірақ, оның бір жақсылығын көріп тұрған жоқпыз. Дәретхана далада, үйде су жоқ. Не ыстық, не суық су атымен жоқ. Колонкадан әкелеміз. Бұл деген сұмдық қой,-дейді жергілікті тұрғын Гагарин көшесіндегі 14 үйдің тұрғыны Кәмшат Абдилова.

 

Барлық инстанцияларға жүгінген жұртшылық AMANAT партиясының өкілдерімен кездесті. Жиында барлық сұрақ қаралды. Халық қалаулылары мәселені шешу үшін жұмыс жасап жатқандарын айты,п адамдарды сабырға шақырды.

 

-Біз осы аумаққа үй салатын компаниялардың көп емес екенін естен шығармайық. Мен бағдарламаның 2029 жылға дейін есептелгенін айттым. Әкімнің қаулысы шыққанда, мемлекеттік сараптама жасалғаннан кейін мердігер үйлердің құрлысына кіріседі деп үміттенеміз,-деді Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы ҚобланбекҚожин.

 

Естеріңізге сала кетейін, шамамен 6,5 гектар аумаққа 3 тұрғын үй салу көзделмек. Жалпы саны 723 пәтер болады деп күтілуде.