Зауыт цехындағы жалғыз электрмонтаждаушы әйел кім?

Ол - электрмонтаждау цехындағы жалғыз әйел, әрі ең тәжірибелі мамандардың бірі. Павлодар машина жасау зауытында істеп жатқанына 25 жылға таяу уақыт болды. Болат ғимарат конструкциялардың ішіндегі сымдарды бекітумен айналысады. Бұндай істе аса тиянықты болу қажет.     

- Мен мұнда 19 жасар бойжеткен болып келдім. Зауытқа электрмонтаждаушы-әйелдер қажет екендігі туралы хабарландыруды көріп, бұл не екендігі маған қызықты болды. Келіп, қарасам, әйелдер жұмыс істеп жүр. Маған өте ұнады, қызметке тұрдым. Әрине, басында оңай болған жоқ. Бастысы, сызбаларды түсіну, оқу керек. Мен ондайды білмедім, бірақ жақсы тәлімгерлерден сабақ алдым. Сөйтіп ақырындап үйрендім. Уақыт өте келе өз орнымды тапқанымды түсіндім, - дейді «ERGService” ПМЖЗ  күш жолдары бойынша  4-разрядтағы электрмонтаждаушы Наталья Захарюта.

Цехтың іші жарық және өте жайлы. Әріптестер бұндай жинақы көрініске қосқан Наталья Захарютаның үлесі орасан зор дейді. Әйел адам әрдайым нәзіктікті қалайды. Жұмыс орнында тазалық қана емес, өсімдіктерді суарып отыру қатаң бақыланады.

- Наташамен екі жылдай жұмыс істеп келемін, меніңше өте маңызды қызметкер. Ол электромонтаждаушы болып ұзақ уақыт еңбек етіп келеді. Тапсырмаларды сапалы және мерзімінде орындайды. Мен шебер ретінде ұсынған міндеттемелер, толықтай жасалады. Сызбаларды да оқи алатын жұмыскер, - деді «ERGService” ПМЖЗэлектрмонтаждау цехының шебері Нұрлан Никомбаев.              

Отбасында да Натальяны мақтан тұтады. Өндірісте екпінді еңбек етіп жүрген ізбасарлары да бар. Бірақ үйде, біздің кейіпкер электр жөндеу жұмыстарын артта қалдырып, ас бөлмесіндегі жұмысқа көшеді.

- Менің жиенім бар, Ақсуда, су электр станциясында жұмыс істейді.  Крандарды жасасақ, ол менің тәтем жасаған жұмысы деп, мені мақтап қояды. Үйде, әрине, мен әйел адамның тұрмыстық жұмысымен айналысамын.Ешқандай ер адамның міндеттерін атқармаймын, өйткені үйде екі ер азамат бар. Бар керекті шаруаны жігіттер орындайды, - деді кейіпкеріміз.

Әйел адамның қолынан келмейтіні жоқ дейді Наталья. Ал белгілі бір кәсіп, тек ер адамдарға арналған деген қате пікір екендігін алға тартуда. Айту керек, ERG кәсіпорындарында қалыптасқан стереотиптерді жою күнделікті жасалады.