Зейнетақы неге кеш жеткізіледі?

Валентина Бондаренко жалғыз тұрады. Бірнеше жыл бұрын инсульт алған. Соңғы екі жылда тіпті пәтер ішінде әрең қозғаладыЗейнетақысын өзі барып ала алмайды. Бұрын оны уақытында әкелетін еді қазір тіпті кешіктіреді дейді. Бар болғаны 86 мың теңге.

- Соңғы үш айда зейнетақымды 3-4 күнге, тіпті кейде бір жетіге кеш әкелетін болды. Пошта тасушыны күнде күтемін. Қоңырау шалғанымда ер адам тұтқаны алып, уайымдамаңыз әкеп береді деді. Ақшаны олай да былай да тартып тек ботқа жеп жүрмін. Өзім диабетпен ауырамын. Әр айдың біріне дейін ақшаны жеткізуге тырысамын. Келесі зейнетақымды әкеп бергенше қалған мың теңгеме не сүт, не нан аларымды білмей қаламын айдың соңында, - дейді Валентина Бондаренко.

 

- «Қазпошта» АҚ еліміз бойынша мұқтаж категорияға жататын адамдарға зейнетақыны үйге әкеп беретін жалғыз компания. Бұл жасы 80-нен асқан үйден өздігімен шыға алмайтын азаматтарға арналған. «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғам келісімшартына сәйкес біз зейнетақыны тізім бойынша қаражат түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеткізуіміз қажет,- дейді «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары Тимур Кабидолданов.

 

Қазпоштада хабарлағандай кадр мәселесі шынымен болған. Қазір бұл сұрақ шешілген. Дегенмен де зейнеткерлерден түсіністікпен қарауды сұрайды. Ақшаны әрбір алушыға бір күнде жеткізіп беру мүмкін емес.

Авторы: Бибінұр Хамитқызы