Зейнетақы қорына алаяқтардың көзі түсті
Өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар зейнетақы жинақтарын аударуға көмектесе алатындарын айтады. Әрине тегін емес.
-Заң бойынша өтініштер электронды форматта өткізіледі. Және де заң бойынша ешқандай бөтен адам керек емес. Тек қана сіздің жеке шотыңыз. Сіздің жеке ЭЦҚ және электронды уәкілдіктің платформасы. Сол платформа арқылы өз өтінішіңізді тіркеу мүмкіндігіне ие боласыз,- «БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары Нұржамал Дүйсембаева.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу туралы ұсыным жасап, қатаң ескертеді. Ақпаратты тек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz ресми сайтында біле аласыздар.
- Әрине, біздің мамандарымыз салымшыларымызға жұмыс ретінде қоңырау шалады. Бірақ еске сала кетейік, біздің мамандарымыз толық аты-жөнін, қай маманда, қай жұмыста істейтінін айтып береді. Және де біздің мамандарымыз ешқашан дербес мәліметтерді сұрамайды,- «БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары Нұржамал Дүйсембаева.
Сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық қызметтері тегін көрсетіледі. Сондықтан, зейнетақы жинақтарын аудару үшін ақша талап ететіндер болса, олардың алаяқтар екенін білген жөн.
Авторы: Аида Адрахова