Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Зейнеткер әріптесіне бұрынғы реніш үшін оқ атты

Қоғам

19
Қылмыс бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Естеріңізге сала кетейін, осы жылдың ақпан айында Екібастұздың аулаларының бірінде адамдар оқ дауысын естіді. Таңғы сағат сегіздер шамасында бір ер адам екіншісіне оқ атады. Бүгін сотта оның себебі де белгілі болды. Анықталғандай олар бұрыннан таныс болған, әрі бірге жұмыс істеген. Осыдан отыз жыл бұрын айыпталушы өз құрбанынан таяқ жеген екен. Кейін өзі зейнетке шығып кетіп, таксист болып жүрген. Кейін өзінің ұлы дәл сол кәсіпорынға жұмысқа шығады. 2020 жылы ер адам айыпталушының ұлын да соққыға жығады. Бүгін сотталушы мен оны өлтіруді ойламадым деп ақталды. Сол күні аулада кезекті рет өзіне тіл тигізгенін көтере алмаған.

- Екі метр қашықтықтан  арқасынан оқ атқан, нәтижесінде соңғысы жерге құлап қалды. Бұған қарамастан айыпталушы адамды өлтіремін деген тікелей оймен бақылау атыс жасаймын деп жақыннан көздеп тұрып, адамның өмірі үшін маңызды органдарға нақты айтқанда  ер адамның басынан бір рет оқ атқан, - деп баяндады прокурор.

 

 

Айыпталушы қаруды өз көлігінен тауып алған. Айтуынша адам тасып жүргенде біреу кездейсоқ ұмытып кеткен. Ол бастапқыда қаруды полицияға тапсырып, сол ақшаға өзін отыз жылдан аса уақыт бойы ренжітіп келген әріптесінен қой сатып алмақшы болған.  Қазіргі таңда «Адам өлтіру» деген бап бойынша қылмыстық істі тергеуде. Ер адамға 8-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылу қаупі төніп тұр.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()