Зеленстрой тұрғындары резеңке етікпен жүруге мәжбүр

Зеленстрой ауданындағы Цефта көшесінің бүгінгі көрінісі сын көтермейді. Езілген жерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Батпақ қатқанда ғана жүруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жолдарды абаттандыру мәселесі кент пайда болғаннан шешілетін емес.  Жаңбыр жауса, қайтадан резеңке етік киюге тура келеді.  

 

- Бұл батпақпен төрт аяқтап жүреміз. Аяғымды көтере алмаймын. Кезекті рет бір жерге шықпауға тырысамын. Галош киеміз. Қанша жыл тұрамыз әлі күнге дейін ешқандай шара қолданбауда. Кем дегенде мұнда жаяужол орнатса ғой, - деді Цефта көшесіндегі №43-үйдің тұрғыны Валентина Фомина.

 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көршілес көшелерге асфальт салуда. Ал оларды айналып жүр. Соңғы 15 жыл бойы адамдар қала әкімдігінің  табалдырығын тоздырды. Әлі күнге дейін коммуникация мен абаттандыру жұмыстарына назар аударады деген үміттері бар. Және жер асты суы мүлдем төмендемейтін көрінеді. Бұл тарапта қала әкімдігі өз жуаптарын ұсынды.              

 

- Павлодардың қала құрылысы бөлімі Зеленстрой ауданында кәріз жүйесін өткізу жобасын дайындауда. Қазіргі уақытта, жоспарлары мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жоба 2021-ші жылы жүзеге асырылады. Осы ретте, Цефта көшесінде асфальт салу жұмыстары қарастырылмаған, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Зеленстрой ауданына кәріз жүйесін орнату үшін 1 миллиард 400 миллион теңге жұмсалады. Әзірге қаржы көзі анықталмады. Жаңа желілер тартылғаннан кейін ғана асфальт салу жұмыстары қолға алынбақ.