Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Жүк тиегіш жүргізушісі болып істейтін музыкант әйел

Қоғам

17
Татьяна Рыбалко фортепианоны арнайы техниканың рөліне ауыстырған. Ол – музыкант. Алты аспапта керемет ойнайды.

Ол өзін әрдайым түрлі бағытта сынап, мүмкіндіктерін дамытқысы келгенін айтады. 13 жыл бұрын теледидардан көрген хабарлама бойынша келген.  Бүгінде суреті құрмет тақтасында ілінген. Ісмер әйел үшін «ERG» тобына кіретін Қазақстандық электролиз зауытының белді қызметкерлерінің көшінде болу - үлкен абырой. Алайда Татьяна бұл жұмыста уақытша кідіремін деп ойлағанын жасырмады.

- Мұнда мен уақытша келгенмін, рас. Кейін командаға бауыр басып қалдым. Олардың қарым-қатынасы ұнады. Жұмысым тыныш, бәрін жасадың ба, боссың. Жыл сайын зауыттың жағдайы жақсарып келеді. Толық қамтамасыз етіп, жағдайымызды жасайды. Әрине қиындығы да бар,  бірақ қорқатын ешнәрсе жоқ, - деді «ҚЭЗ» АҚ жүк тиегіш жүргізушісі Татьяна Рыбалко.               

6 аспаптың құлағында керемет ойнайтын Татьяна әзіл-қалжыңға да жақсы, әр ортаның көркі. Отбасының да нағыз ұйытқысы.                

- Демалыс күндері достарымызбен бас қосамыз. Онда қолға баян аспабын алып, караоке айтамыз. Ән шырқағанды жаным жақсы көреді. Әсіресе біздің ескі әндерді. Балаларым «Анам қазір өзінің ежелгі өлеңдерін шырқайды» деп әзілдейді, - деді кейіпкеріміз.                       

Екі ересек ұлы, екі немересі мен сүйікті ері жанында. Одан асқан бақыт жоқ. Ең бастысы өз ісінің шебері жұмысын жан-тәнімен сүйеді. Таңдаған мамандығын мақтан тұтады.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()