Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Жаңа баспана тұрғындары екі күн жарықсыз қалды

Қоғам

18
Қолданысқа 2015-ші жылы берілген жаңа көпқабатты үйдің трансформаторында ақау анықталған. Салдарынан адамдар туған-туыстарының баспанасын паналауға мәжбүр болды.

Динара Касанова Сибирская көшесіндегі 87/2-үйде тұрады. Сейсенбі күні үй толықтай жарықтан ажыратылып, адамдар екі тәулік бойы майшаммен отырған.

 

- Біз барлық коммуналдық төлемдерді уақытында жабамыз. Екі айлық балам бар. Тамақтану жағынан мәселе пайда болды. Не шәйнек, не электр плитасын қоса алмаймыз. ХІ ғасырда мұндай мәселеге тап болу сұмдық жағдай. Кейбір көршілеріміз туған туыстардың үйіне барды, - дейді Сибирская көшесіндегі №87/2-үйдің тұрғыны Динара Касанова. 

 

Бұл уақытта, көршілері далаға шығып, жарық мәселесін талқылады. Адамдардың айтуынша, барлық инстанцияларға хабарласқан. Алайда, ешқайсысы жарық нақты қашан берілетінін айтпады.

 

- Әкімдік шешу керек қой. Біз осы мәселе бойынша жиналып тұрмыз. Бір жақты қылып шешіп берсін. Қазір генератор қосылған. Алайда оған электр құралдарын жалғауға болмайды. Тек жарық пен шәйнекті ғана қосуға рұқсат берді. Жағдайымыз нашар, - деді Сибирская көшесіндегі №87/2-үйдің тұрғыны Шәмшия Құсайын.

 

Кеше кешкі уақытта трансформаторды генератор арқылы қосты. Қызмет көрсетуші ұйым адамдарға екі сағатқа жарық беріп, олқылықты жоюға кірісті. Белгілі болғандай құрылғының желісі үзілген. 

 

- 10 киловольтты сым зақымдалды. Бүгінде олқылық жойылды. Кеше түскі уақытта жақында орналасқан балабақшаға жарық берілді. Адамдарды толықтай жарықсыз қалдырмау үшін генератор қосылды, - деді Павлодар қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы Cәкен Төлеген.

 

Жарық бүгін сағат 15:30-дың шамасында берілді. Қазір Сибирская көшесіндегі 87/2-үйдің электр желілері қалалық құрылыс бөлімінің теңгерімінде. Жыл соңына дейін оған жауапты мекеме анықталады.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()