• Басты бет
  • Қоғам
  • Жалпыұлттық референдум кезінде Павлодар облысында 520 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

Жалпыұлттық референдум кезінде Павлодар облысында 520 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

Атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты тұрғындар тек бір-ақ сауалға жауап беруі тиіс дейді irbistv.kz тілшісі.

 

6 қазанда өңірде дауыс беру 520 учаскеде өтеді. Бұл ретте, Павлодар облысының әрбір тұрғынына атаулы шақырулар жеткізіледі. 18 жастан асқан азамат тек бір-ақ сауалға ғана жауап беруі тиіс. Дәстүрге сай, бюллетень жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады.

 

- Референдумда бір бюллетень болады. Онда «Сіз Қазақстанда атом электрстанциясы құрылысымен келісесіз бе?» деген сұраққа жауап беру керек. Иә немесе жоқ жауап нұсқасына белгі қою керек. Дауыс беру күні 225 учаскеде электронды үкімет порталында азаматтарды тіркеу орны бойынша мәліметтерді тексеру бойынша онлайн сервис жұмыс істейді,-деді Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Гүлсім Сүйіндікова.

 

Айту керек, Павлодар облысындағы электорат саны 500 мыңнан астам адамды құрайды, басым бөлігі үш қалада тұрады. Әдеттегідей, учаскелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық ыңғайлы жағдай жасалады. Егер азамат өзінің болатын жерін өзгертсе, 2024 жылғы 20 қыркүйектен бастап 5 қазан күнгі сағат 18.00-ге дейін учаскелік комиссияға өтініштің негізінде есептен шығару куәлігін алуға құқылы.