Жалжымайтын мүлікті енді қашықтықтан сатып алуға болады
- Ол дегеніміз әрбір нотариаттық құжатқа «QR-код» берілетін болады. «QR-кодтың» негізгі мақсаты – жалған құжаттарды жасауды болдырмауына әкеледі. Және де қағаз құжаттар тарихқа өткізілетін болады, - деді Павлодар облысы Әділет департаментінің бөлім басшысы Қуантай Айдархан.
Барлығы жалған құжаттарды рәсімдеу фактілерін болдырмау және де азаматтардың уақытын үнемдеу мақсатында жасалуда. Сондай-ақ, енді Павлодарда тұрып, нотариус арқылы еліміздің кез келген қаласынан жылжымайтын мүлікті рәсімдеуге болады.
- Ол дегеніміз – егер де сіз, жылжымайтын мүлікті орналасқан жері бойынша нотариустан мәміле жасай алатын болсаңыз, 1-ші шілдеден бастап, ол мәмілені кез келген өзіңіздің тұрғылықты жері бойынша Республиканың кез келген жылжымайтын мүлігімен нотариустың қатысуымен мәміле жасай аласыз, - деді Қуантай Айдархан.
Заңнамадағы тағы бір өзгерту ақпан айынан күшіне енді. Ол бойынша жылжымайтын мүлікті тіркеу мерзімін бұзған азаматтар жауапкершілікке тартылмайды.

