Жалған хабарландыру: Сіздің мектебіңізе бомба қойылды

Ақпаратты тексеру үшін аймақтың барлық шұғыл қызметтері көтерілді. Ирбис телекомпаниясының инстаграмм аккаунтында біздің көрермендер жіберген суреттер мен бейнелер. Кадрлардан мектептерді полицейлер, дәрігерлер мен өрт сөндірушілер, тіпті қызметтік иттер қоршауға алғанын көруге болады. Профильдік ведомства жағдай бойынша түсініктеме берді.

 

-Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні сағат 18:11 сағатта Павлодар аймағының жекелеген орта білім беру мектептерінің электрондық мекенжайларына жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарламалар келіп түсті. Оқу орындарынан ешкім эвакуацияланбады, себебі аталмыш білім ұйымдарында сабақ біткен. Ал мектептердің іргелес аумақтары қоршауға алынды. Оқиға орында жедел тергеу тобы жұмыс істеді,- дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы телефон арқылы Жанна Белялова.

 

Абырой болғанда ешқандай жарылғыш зат таппады. Полицейлер оқиғаның басқа мән жайын айтпады. Тек сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Айта кету керек, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл мың АЕК дейінгі айыппұл, яғни 3 млн теңгеден асады. Немесе 400 сағатқа дейін мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру. Ирбис телекомпаниясының инстаграм аккаунтына жазылыңыздар. Мұнда барлық жедел әрі шынайы ақпарат бар.

 

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы