Жануарлар қорымына рұқсат бар ма?

-Біз жұма күні әкімдікте осы мәселені талқыладық. Қазір ол аумақ жалпы қаланыкі болып табылады. Біз оны ТҮКШ бөліміне бергіміз келген. Алайда біздің келісімсіз ескерткіш тақталарды бұзып, алып тастапты. Оны кім жасағанын да білмейміз, - деп түсіндірді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Свелана Гладышева.

 

Кейін анықталғандай ондағы ескерткіш тақталарды қалалық мал дәрігерлік станциясы мамандары алып тастаған екен.  Кейін зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізген.

 

-Біз жыл сайын бір екі рет оны жинап отырамыз. Оның барлығын тазалаймыз, тиейміз, әкетеміз. Қоқыс жаққа тапсырамыз. Дезинфекцияны өзіміз өткіземіз. Ол ақшаны ветстанциядан шығарамыз, - деді Павлодар қаласы ветеринарлық станциясының басшысы Серікбай Құрымбаев.

 

Қалалық ветстанцияның басшысы Серікбай Құрымбаевтың айтуынша жалпы үй жануарларын көмуге тыйым салынған. Оларды мал өртейтін арнайы орындарда жағу керек. Ал сүйікті жануарларының топырағын сипап қалған адамдар бұл әрекетке наразылық білдіруде.

 

-Біз полицияға ұжымдық хат дайындап жатырмыз. Себебі ветеринарлық станция басшысының әрекеті заңға қайшы.  Олар онда тек ескерткіш тақталарды алып тастаған. Сонда олар жануарлардың өлексесімен емес, тақталармен күрескен бе? Тастардан қандай зиян бар? -деп ашынды Павел Коханов.

 

Наразы адамдардың айтуынша егер оларды алдын ала ескертсе өзіміз де барып, ескерткіштерді бұзып алатын едік дейді. Енді біздің мүлігімізді бүлдірді дейді.