• Басты бет
  • Қоғам
  • Жарты жыл ішінде Павлодар облысында 700-ден аса отбасы айырылысқан екен

Жарты жыл ішінде Павлодар облысында 700-ден аса отбасы айырылысқан екен

Павлодар облысы ажырасу деректері бойынша, елде көшбасшы өңірлердің қатарында болмағанымен, тізімнің астында да емес. Күні кеше ғана отбасы құрып, қысқа мерзім ішінде айырылысып кеткен жастар жетерлік. Көрсеткіштер өткен жылдарға қарағанда сәл жақсы, бірақ қуантады деп айту қиын.

 

-Ағымдағы жылы қаңтар мен тамыз айларында ресми түрде 3146 неке қию тіркелді, өткен жылы 3406 жанұя құрылған еді. Биылғы 6 айда өңірімізде 717 айырылысу дерегі тіркелді. Өткен жылғы көрсеткіш 788 еді,-деп мәлім етті Павлодар облысы статистика департаментінің басшысы Жақан Жакенов.

 

Павлодарлықтардың басым бөілігінде ажырасқан таныстары бар екен. Бұл ретте, тұрғындар әлеуметтік жағдай мен қаржылай ауыртпалықтарды айырылысудың негізгі факторы ретінде атап отыр.

 

- Тұрмыстық жағдай, баспана, несие, күнкөрістегі қиындықтар себеп. Сосын отбасылық академия, бізде дамымай қалған. Оған қоса шыдамдылық, сабырлық танысту деген жоқ. Асығыстық танытады, -деп ойларымен бөлісті тұрғындар.

 

Қазақстанда әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады, оның 80% астамының ортақ балалары бар. Бұл ретте, тараптарды бітімге шақыру, сотқа бармай «медиация» тәсілі соңғы жылдары қолға алынуда. Өкінішке қарай, оған құлақ асатындар аз.