• Басты бет
  • Қоғам
  • Жас еттің сорпасы да дәмді. Параны етпен алған полицейге үкім шықты

Жас еттің сорпасы да дәмді. Параны етпен алған полицейге үкім шықты

Аға жедел уәкіл пара талап еткен ер адам жылқы ұрлағаны үшін сотталған. 2019 жылы ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылыпты. Сол кезде полицеймен қарым-қатынас қайта жанданған. Подполковник қамқорлық туралы айта бастапты. Оның орнына ақша емес, етпен алғыс айтуды ұсынған. Алдымен ол жай сұраған, кейін жәбірленушінің айтуынша, қорқыта бастаған. Сасқаннан ол қауіпсіздік басқармасына жүгінген. Олар өз кезегінде ұстау жоспарын жасапты. Нәтижесінде қызметкер алған еттен тағам пісіріп үлгермеді.10 келі сиыр етін алу барысында қолға түскен.

- Үкіммен пара сомасының 70 еселік көлемінде, яғни 1 308 790 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ полиция подполковнигі арнаулы атағынан айырылды және өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасай алмайды, - деді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Маржан Құрманғалиева.

Полиция қызметкері сотта ет сұрамағанын, бірақ қарызды қайтаруды талап еткенін түсіндірді. Бұрынғы сотталушы оның ақпаратшысы болған-мыс, тығыз қарым-қатынаста болған, сол үшін кейде оған қарызға ақшада бергенін айтты. Сөйтіп, 35 мың теңге жиналып, орнына сиыр етін сұрай бастаған. Айыпталушы, өз кінәсін мойындамады, жәбірленуші оны кек алу мақсатында қорқуды шешкен деп санайды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.