• Басты бет
  • Қоғам
  • "Жас ұрпақ" жастар үйінің тәрбиеленушісіне айыппұл салынды

"Жас ұрпақ" жастар үйінің тәрбиеленушісіне айыппұл салынды

Алайда соңында жаңажылдық шамдарға таласып қалған. Бұл ретте «Жас ұрпақ»-тың  қызметкерлері полиция мен психиатрлар бригадасын шақырады. Нәтижесінде қызды ауруханаға алып кетіп, қараған соң бірден жіберген.  Ал тәртіп сақшылары хаттама толтырып, сотқа жөнелтті.

 

- Сот отырысында аталмыш тұлға кінәсін толық мойындады. Айыппұл көлемін қысқартуды сұрады. Сот оның алғаш рет құқық бұзушылық жасап отырғанын ескеріп, 10210 теңге әкімшілік айыппұл салды, - деді Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Серік Марданов.

 

 

Айта кету керек, қыз ауруханадан шыққан соң прокуратураға арыз жазған болатын. Онда білім басқармасы басшысына «Жас ұрпақ» жастар үйінің тәрбиешілері жұмысқа ішіп келеді, ал директор өз ақшамызға жөндеу жасатып, жатақхана аумағын жинатып қояды деп жазылған.