Жауын салдарынан Павлодардағы бағдаршамдар істен шықты
Кешегі жаңбыр салдары тәулік ішінде жойылды. Ол кезде Павлодардың кейбір көшелері көлге айналған. Су деңгейі жарты метрге дейін жетті. Бүгін ауа-райы ашылып, арнайы техниканың жұмысы жалғасуда.
- Кеше мамандандырылған арнайы көліктер жаңбыр суы жиналған көшелердің 12 учаскесінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, тұрғындардың жекелеген өтінімдері бойынша Лермонтов, Железнодорожная, Қамзин және тағы да басқа көшелерінде жұмыстар жүргізілді. Өткен тәулік ішінде 2 мың текше метрден астам су шығарылды, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.
Бағдаршам қораптарына су кіріп, олар істен шыққан. Қауіпсіздік техникасына байланысты олқылықты бірден жоюға мүмкін болмады. Кебіреуін күтуге тура келді. Қазір Павлодардың 5 учаскісінде су шығару жұмыстары жалғасуда.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.