Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Жауынгерлерді елге қайтару жұмыстары жалғасуда

Қоғам

107
Павлодарлық «Майдан жолы» жасағы пандемияға қарамастан 314-ші атқыштар дивизиясының ерлік жасаған жеріне аттанды. Олармен біздің түсірілім тобы да тарихи орынға барды.

- Бұл жерде 41 жылы фин батальоны өткен. Аталмыш аумақ олардың ең жақын келген нүктесі. Ал 314 атқыштар дивизиясы жауға қарсы төтеп беріп тас талқанын шығарған,- дедйі Ресейлік іздестіруші Иван Осадчий.

 

 

314 атқыштар дивизиясының көзсіз ерлігін елестету мүмкін емес. Талай жылдық еңбек өтілі бар іздеуші Иван Осадчий батырларымыздың қалай ұрыс жүргізгенін айтып берді. Жалындаған жас сарбаздар 1942 жылға дейін азулы фин әскерін осы жерден бір адым аттатпаған. Осылайша  майдангерлер Ленинградтың солтүстік аймағын барын салып қорғап неміс жасағына қосылуына тосқауыл бола алды. Бүгінде бұл аумақты қазақстандық және ресейлік іздеушілер жіті зерттеуде.

 

- Біз ата-бабаларымызды өз Отанына қайтару керекпіз. Елді жаудан қорғаған батырлар бақпақ арасында емес, туған жерлерінің топырағында болулары қажет, - деді «Майдан жолы» іздестіру жасағының Қазақстандық жауынгері Саят Кұсайынов.

 

Арнайы құрылғы әр қадам басқан сайын белгі береді. Бұл әр екінші сарбаздың жараланғанын, әр төртінші батырдың ерлікпен қаза болғанын алға тартады. Қарап тұрсақ қорқынышты статистика. Осы жерде аман қалудың өзі ғажайыппен тең десек артық емес. Іздестіру жасағына аталмыш аумақта жұмыс жасау оңай болмады.  Жердің өзін еппен қазу керек. 

 

 

- Көріп тұрғындарыңыздай медальон табылмады. Майдангердің аты-жөні мен тағдыры белгісіз. Дегенмен, 314 атқыштар дивизиясының сарбазы екені анық. Әскери картаға сүйенсек осы жерден сәл әрі қарай фин жасағы шабуыл жасаған, - дейді іздеушілер.

 

 

Қазақстандық іздеушілер үшін экспедиция сәтті өтті, бірақ табылған жауынгердің медальоны өзінде болмай шықты. Жасақ үшін бұл өте қиын сәт. Бұл ретте, іздестірушілер соңғы сарбаз еліне оралмайынша миссияның аяқталмайтынын жеткізді.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()