Жауынгерлерге арналған ескерткішті өртемек болды
Осындай мерекеде белгісіз біреулер Бітімгерлер саябағындағы ескерткішті өртемек болған. Тәртіп бұзушылардың арам ойы жүзеге аспады.
-
2018 жылдан бастап ашылғалы 4 жыл өтті. 4 жыл өткенімен бұл жерде талай еңбек салынған. Біз осы уақытымыз келгенде келіп тұрамыз. Бірақ, осы қиыншылық келгенде бұл жерде камералар болса тәртіп сақталады бұл жерде. Тазалық сақталады. Өйткені тәртіп бұзушылар өте көп, - дейді полковник Ернияз Игибаев
Шынымен де тәртіп бұзушылар бұл жерде көптеп жүреді екен. Ардагерлердің айтуынша, үйсіз-күйсіз адамдар мен маскүнемдерді саябақтан жиі кездестіріп отырады. Тіпті бүгін қазбаттықтар үшін айтулы күнде белгісіз біреулер ескерткішті өртемек болған.
- 8 ақпан күні полицияға Назарбаев даңғылы – Жаяу Мұса көшелерінің қиылысында орналасқан саябағында белгісіз адамдар гүл шоқтарын жаққаны туралы хабарлама түсті. Осы факт полицияда тіркелді. Қазіргі таңда тексеріс жүргізілуде, - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орынында тәртіп сақшылары жұмыс жасап, қастандық жасағандары анықтауға тырысып жатыр. Осы ретте, ардагерлерлер саябақта бейнебақылау камералары болған кезде мұндай жағдай мүлдем орын алмайтын еді дейді.
Авторы: Аида Адрахова