• Басты бет
  • Қоғам
  • Жағажайды абаттандыруға бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді

Жағажайды абаттандыруға бюджеттен 100 миллион теңге бөлінді

Ол үшін білім бөлімі 40 шақты қаңқалы бассейн сатып алған. Ал ТЖД шомылу маусымына дайындық қызу жүріп жатқанын жеткізді. Бұл ретте коммуналдық және жеке меншік жағажайлардағы қауіпсіздік басты назарда дейді құтқарушылар.

 

-Судың түбі әлі зерттелген жоқ. Қазір жағажай маңында жинау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар сапаны бақылау департаменті суды зерттемеді. Бұл жұмыстар 1 маусымға дейін аяқталады. Одан кейін қалалық әкімдік Павлодар аумағындағы жағажай маусымын ашу туралы шешім қабылдайды.

 

Тағы бір жағымды жаңалық биыл мектеп жаны лагерьлері маңатына қаңқалы бассейндер орнатылады. Өткен жылы ол екі білім орнында ғана болған еді. Биыл білім бөлімі осындай 40-қа жуық бассейнмен қамтамасыз етпек. Бұл балаларды жүзуге үйрету үшін қолға алынып отыр.

 

-Аталмыш бассейндердің тереңдігі балалардың жасына байланысты болмақ. Мектептердегі малтып білетін мұғалімді таңдап, ол жүзуге үйрету, алғашқы көмек көрсету бойынша бағдарламасынан өтеді. Себебі статистика көрсеткендей суға кеткен балалардың барлығы малтып білмейтіндер. Сол себепті оларды үйрету қажет.

 

Құтқарушылар рұқсат етілмеген аумақта шомылу барлығы үшін қауіпті екенін тағы да еске салады. Қазір 4 мобильді топ Усолка мен орталық жағалауда кезекшілік құрып, шомылу маусымы басталмағанына қарамастан суға түсетіндермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

 

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы