• Басты бет
  • Қоғам
  • Жағажайды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін ТҮКШ бөліміне 200 000 теңге айыппұл салынды

Жағажайды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін ТҮКШ бөліміне 200 000 теңге айыппұл салынды

Суға шомылу маусымында Павлодар облысында 27 адам, оның ішінде алты бала қаза тапты. Көпшілігі тыйым салынған жерлерде орын алған. Алайда, биылғы коммуналдық жағажайларда құтқарушылардың болмауы анықталды. Бұл тек Павлодарда емес, Ақсу қаласында да тіркелген.

- Өкінішке орай, бізде Ақсу қаласы бойынша жергілікті атқарушы органдар толық көлемде жұмыс істемеді, олардың жағажайы тиісті инфрақұрылыммен жабдықталмаған. Тиісті құтқарушылар болған жоқ, - деді Павлодар облысы ТЖД бастығының м.а. Мейрамбек Батырқұлов.

Ақсу суда қаза болғандар саны бойынша көш бастап тұр. Павлодар анти-рейтингте екінші орында. Бұл ретте тұрғындар облыстың орталық жағажайында құтқарушыларды аса байқамайтындарын айтуда. Естеріңізге сала кетейін, 12 жасар баланың өлімінен кейін ТҮКШ бөлімі мердігерді сотқа бергендерін, шартты бұзғысы келетіндерін хабарлаған. Сонымен қатар, жағажайларды тиісті деңгейде ұстамағаны үшін ТүКШ бөліміне сот шешімі бойынша 204 мың теңге айыппұл салынды. Тергеу ТЖД қызметкерлерінің тексеруінен кейін басталды. Коммуналдық қызметкерлер жұмысты мердігер жүргізуі керек деп ақталуға тырысты. Бірақ шешім олардың пайдасына болмады.