Жаңа ойын алаңындағы аяқталмаған жұмыстар

- Алаң жан-жағынан қоршалып тұрған. Қазір бәрі жерде жатыр. Мұны кім, қашан қалпына келтіретінін білмеймін,- дейді С. Нұрмағамбетов 120/1-үйдің тұрғыны Мария Зайцева.

Адамдар ауладағы жарықтың жоқтығына да шағымданды. Және салдарынан шашылып жатқан заттардан балалар дене жарақатын алуы мүмкін. Коммуналшылар алаңдаудың қажеті жоқ дейді. Айтуларынша бригадалар кезең-кезеңімен жұмыс жасауда. Кезек аталған мекенжайларға да жетеді.

 

- Бір бригада негізін дайындаса, келесісі бетон құйып, барлығын орнатады. Ал қоқысты басқа бригада шығарады. Барлық алаңдардан жинайды, - дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Бағдат Жингулова.

 

Коммуналшылардың айтуынша келісімшарт негізінде жұмыстар қазанның соңына дейін жалғасады. Жалпы аулаларда биыл 100 жаңа балалар ойын алаңы пайда болмақ.