• Басты бет
  • Қоғам
  • Жаңа салынған көп қабатты үйдің жауын суы ағатын құбырлары дұрыс жасалмаған

Жаңа салынған көп қабатты үйдің жауын суы ағатын құбырлары дұрыс жасалмаған

Баспана қолданысқа 2016-шы жылы берілген. Адамдардың айтуынша, мердігер су жинау жүйесін дұрыс орнатпаған. Салдарынан үйдің жоғары қабатындағы пәтерлер зардап шегуде. Құбыр деңгейінде еңістік болмапты. Сол себепті еріген қардың суы бір орында тұрған. Бүгінде ПИК қызметкерлері олқылықты жоюға кірісті.

 

- Құбыр түзу орналастырылған. Ешқандай еңістік жоқ. Соңғы үш жыл бойы тұрғындардан шағым түседі. Олардың пәтерлерін үнемі су басады. Қазір құбырды алмастырудамыз. Жұмыстар аяқталғаннан кейін мәселе біржолата шешіледі, - деді ПИК қызметкері Сергей Власов.

 

- Қалада 233 қызмет көрсетуші ұйым бар. Олардың барлығы су жинау жүйесін ретке келтірді. Қыстан кейін көбісі бітеліп қалған. Бұл жұмыстарды ПИК өз қаражаттарына орындайды, - деп атап өтті Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанат Желдібаев.

 

Мамандар пәтерлері зардап шеккен тұрғындарға келтірілген залал сомасын есептеп, сот алды талап шағымын жазуға кеңес береді. Бұдан кейін ПИК-шара қолданбаса, тікелей сотқа жүгіну қажеттілігін айтты.