Жаңа жағалауды толық қалпына келтіреді
Жуырда серуендеуге арналған жолдың кеспе тастары опырылып кеткен. Коммуналшылар оның себебін түсіндіріп, жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны туралы айтты.
-Оған қоса жағажайдың аталмыш бөлігі бойынша кішігірім жөндеуді қажет ететін жерлер бар. Олардың барлығын кепілдік мерзімі аясында қалпына келтіреді. Ауа райы тұрақты болған жағдайда бір-екі күннің ішінде жұмыстарды аяқтайды,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Оразалин.
Кепілдік мерзімі биыл аяқталады. Ол 3 жылды құраған. Алдағы уақытта саябақ қаланың теңгеріміне көшіп, оның күтіміне бюджеттен қаражат бөліне бастайды.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа