• Басты бет
  • Қоғам
  • Жаңа «Достық» ауданының жеке сектор тұрғындары ескі үйлер үшін өтемақыларын ала алмауда

Жаңа «Достық» ауданының жеке сектор тұрғындары ескі үйлер үшін өтемақыларын ала алмауда

Кузнецовтар отбасысы ДЭУ ауданында 20 жыл тұрып келеді. Айтуларынша, бұл үйді зейнеткерлерден сатып алып, оны жөндеп ретке келтірген. Баспаналары бұзылады дегенді естіп, мұңайып қалды. Бірнеше жыл бойы қоныс аударуға дайындалған. 

Бірнеше жыл бұрын үйлеріне 10 миллион теңге ұсынған. Есептеу үдерісін бірнеше рет жүргізді. Мұнда жалпы 5 үй бар. Әрбіреуін ішіндегі мүлікке байланысты әртүрлі есептеді. Алайда, әлі күнге дейін ешқайсысы өтемақы алмаған.

- Соңғы сараптаманың қорытындысы бойынша 16 миллион 700 мың теңге ұсынылды. Үш ай бұрын болды. Қазір жылжымайтын мүліктің бағасы өсіп келеді. Өз басым екі рет баспана іздедім. Тауып, қаражаттың болмауына байланысты адамдар күте алмайды, - дейді Назарбаев даңғылындағы №311-үйдің тұрғыны Александр Кузнецов.

Адамдар көшуге қарсы емес. Тек нақты мерзімді атауды талап етеді. Қыс та жақындап келеді. Сәйкесінше, көмір отын сатып алу қажет. Жер қатынастары бөлімінде жақын уақытта қаражат бөлінетінін хабарлады.

- Бюджеттік өтінім бюджет комиссиясына жіберіледі. Кейін оны қалалық мәслихат депутаттары қолдайды. Сессия 2021-ші жылдың қыркүйек айында өтті. Қазір сессия қорытындысы шығарылуда. Кейін қаражат біздің бөлімге келеді. Менің ойымша 2-3 аптада барлық қаражат толықтай төленеді, - дейді Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Арсен Мамыканов. 

5 үйдің қожайынына жалпы 70 миллион теңге бөлінеді. Сонымен қатар, алдағы уақытта, Жібек жолына дейінгі тағы 700 жер телімін сатып алады. Қазір рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Автооры: Айтмұхамбет Айғожа