Жаңа үлгі, тиімді баға, жоғары сапа!
Тіпті ең талғампаз сатып алушыға да тауар табылады дейді жүзі жылы менеджерлер. Ал оларды қалалық мәдениет сарайының, екінші қабатынан таба аласыздар.
-Көбіне бағасы қолайлы болғандықтан, сапасы жоғары екенін біліп келіп жатады. Мәселелі аяқтарға да шешімдер бар. Аяқ киімдер таза былғарыдан және теріден жасалған. Осы орайда ортопедиялық негіздегі ұлтанның барын да айта кеткен жөн. Әйелдер аяқ киімі 8 мыңнан ал ерлердікі 14 мыңнан басталады. Біз Конституция алаңы 1 мекенжайындағы, Естай атындағы мәдениет сарайындамыз. Келіңіздер,- дейді менеджер Карина Литвинова.
Жәрмеңке қалалық мәдениет сарайында сәуірдің 10-на дейін жалғаспақ. Білікті мамандар күн сайын үзіліссіз кешкі 19:00 ге дейін келушілерді қабылдайды. Ассортиментке байланысты толық ақпаратты инстаграмдағы ресми парақшадан біле аласыздар.
Авторы: Артем Буланов