Жедел жәрдем қызметі өңірімізде қалай қызмет көрсетеді?
Ал бұл көшбасшылар рейтингісі. Павлодар облысы алдыңғы қатарларда. Орташа сапа мен тиімділікті бағалау 5-тен 4,8 құрайды. Бұл ретте Жамбыл өңіріндегі жедел жәрдем қызметі ең жылдам болып шықты.
Біз өз кезегімізде қала тұрғындарынан павлодарлық жедел жәрдемнің қаншалықты тез әрекет ететінін сұрап көрдік. Адамдар көп күтпейтіндерін жеткізді.
Жалпы, жедел жәрдем қызметкерлерінің "Сыпайылық және қажеттіліктерге назар аудару" санаты бойынша жұмысы азаматтарды 88,3% — ға қанағаттандырды, жеделділік 83,6% - ға, ал құзыреттілікке - 83,1% қанағаттанған екен.