Жеке сектор тұрғындары жылу жоқтығына шағымдануда

 

 

Горький көшесіндегі 10 жеке үй жылыту маусымын тағатсыздана күткен. Қазір үйдегі батареялар салқын және баспаналарын тек электр жылытқыштармен жылытуда. Адамдар барлық инстанцияларға хабарласқандарын айтты. Салқын батареяның мәселесін жақын маңайда орын алған апатпен байланыстыруда.

 

-Апат орын алған жерде не болғанын білмейміз. Ондағы құдықтың іші қайнақ суға толы. Кеше мен диспетчерге хабарластым. Олар шара қолданамыз деді. Бүгін мен сол жерге барып бақыладым. Ондағы құдықтағы су сол қалпы жатыр. Ешкім олқылықты жойған емес. Сол себепті біздің баспанада қысым жоқ,-деді Горький көшесіндегі №126/1-үйдің тұрғыны Галина Фурманова.

 

Жергілікті тұрғындар білім беру мекемесінің телімінде орын алған апат салдарынан үйіміз салқын деп ойлайды. Алайда, алпауыт мамандары мұны жоққа шығарды. Олқылық салдарынан жақын маңайдағы үйлерде қысымның түсуі анықталмаған дейді.

 

-Көршілес үйлерде аталмыш олқылық салдарынан қысымның немесе жылыту кемдігінің орын алуы анықталмады. Барлық баспаналарға жылу толық көлемде берілуде. Горький 126/1 мекенжайындағы тексерістің қорытындысы бойынша қажетті манометрлердің жоқтығы анықталды. Жылу торабына дейін қажетті температура берілуде. Аталмыш үйдің жылыту маусымына дайындығы мүлдем болмаған. Бұл өз кезегінде әлсіз жылу қабылдауына әкеп соқты,-деп мәлімдеді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжұманова.

 

Алпауыт мамандары аталмыш аудандағы 10 үйге анықталған олқылық еш әсер етпегенін мәлімдеді. Алдағы уақытта баспаналарға берілетін температура нормаға сәйкестендіріледі. Қазір бұл көрсеткішті түзетуді қолға алған.