Жеке секторда жылу жоқ

Себебі кейбір тұрғындар ысырмаларды өз еркімен ашады екен.   Павлодардағы көпқабатты тұрғын үйлердің 100 пайызы жылуға қосылған. Кейбір аудандардан салқын батареялар бойынша шағымдар келуде. Бұл ретте, жеке секторда қарбалас байқалмайды. Дайындық актілері үй қожайындарының 7 пайызында ғана бар. Қалғандары қысқа өз жүйесін дайындамады. 

- Жеке сектор қожайындары жылуға өз еркімен қосылады. Сол себепті бүгінде қанша үйге жылу берілгенін айту қиын. Бұдан бөлек, жүйелерін қысқа дайындамағандар жылуға қосылып, апаттардың саны артуда. Бұл өз кезегінде бүкіл ауданның гидравликалық тәртібін бұзады,- дейді нергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжуманова.

Энергетикалық компанияда жуырда орын алған Естай-Абай қиылысындағы апатты мысал ретінде келтірді. Жеке желі зақымдалып, жер астынан қайнақ су атқылаған еді.