• Басты бет
  • Қоғам
  • Жекеменшік үй тұрғындары сарқынды суларын төге алмай отыр

Жекеменшік үй тұрғындары сарқынды суларын төге алмай отыр

Олеся Генадьевна Байзақов көшесіндегі №153-ші үйде тұрады. Ауласында екі септик орналасқан. Әйелдің айтуынша, оларды айына 3 рет босатып отырады. Соңғы күндері ол ассенизатор көлігін шақыра алмауда.

 

- Ассенизатор көлігін бірнеше күн бойы шақыруға тырыстық. Бұдан ештеңе шықпады. Бүгінде құдықтарымыз толып тұр. Үйде ыдыс, киімдерді, тіпті қол жуа алмаймыз. Қала басшылығынан мәселені шешуді сұраймыз, - дедіИса Байзақов көшесіндегі №153-үйдің тұрғыны  Олеся Семенова.

 

Олеся Семенованың жүргізушілер түрлі мәселелерін айтады деуде. Кейбіреулері көліктері от алмады десе, біреулері сынып қалғандарын жеткізді. Белгілі болғандай, ассенизаторлардың қалдықтарды төгетін жерлері жоқ. Биылдан бастап, «Водоканал» қосымша келісім жасағысы келді. Алайда, жүргізушілер оларды қабылдамады.  

 

- Басты мәселе олар қысқа уақытта төгу бағасын көтерді. Бізді көбінесе зейнеткерлер шақырады. Мен олардан үстінен қосымша қаражат сұрай алмаймын. Көлікті де күту керек. Жанармай мен басқа саймандары бар, - дейді Самат Нұрғалиев.

 

- Біз қарапайым жұмысшылармыз. Адамдар бізді кінәлі деп ойлайды. Тарифті де көтерді. Бір куб үшін 163-теңге. Алматыда 53 теңге ғана. Ассенизаторлар қаланың санитарлары. Біз Павлодарды таза ұстауға ат салысамыз. Бізге жұмыс істеуге бермейді. Барлығы төгілетін шұңқырды жауып тастады, - дейді Қанат Абдрахманов.

 

Ассенизаторды шақыру құны 3 000 теңге. Бұл қызметті көбінесе жеке сектор тұрғындары қолданады. Көктемде шақыртулардың саны артады екен. Қазір олардың жұмысы тоқтап қалды. Сол себепті адамдардан жағдайға  түсініспеушілікпен қарауды сұрайды.

 

- Біз бірнеше күн жұмысқа шықпай жүрміз. Бұрын айына 10 мың төлеп отырдық. Енді бір рейс үшін 1000 мыңге төлеуге мәжбүрледі. Адамдардан одан көп қаражат талап ете алмаймыз. Себебі, мұндай қаражатты көбісі төлей алмайды, - деді Қанат. 

 

- Қазіргі уақытта және оның алдында департамент мамандарына ассенизатор көлік иелері тарифтердің көтерілуі бойынша жүгінген жоқ. Биыл кәріз суларының тарифі көтерілген емес. 1-ші ақпаннан тек басқа ұйымдар үшін тариф 10 пайызға артады. Тұрғындар үшін түбіртектегі сома өзгермейді, - деді Павлодар облысы бойынша ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаменті басшысының орынбасары Мақсат Зеріпбаев.

 

Осы ретте, алпауытқа ресми сұраным жіберілді. Бұрын ассенизатор көліктері айына тек 60 текше метр үшін төлеп отырды. Енді олардан әрбір төгілген көлем үшін қаражат алынады. Бүгінде көлік иелері жаңа келісімге қол қоюдан бас тартты.