Железин ауданының прокуроры қызметіне қайта оралғаннан кейін бір ай өткен соң қайта жұмыстан шығарылды
28 жасар полиция майоры 2021 жылдың мамыр айында Железин аудандық прокуратурасының ғимаратында иығына оқ атқан. Ол кезде оның анасы бақылаушылар ұлына психологиялық қысым көрсетіп, қорлаған деп мәлімдеген еді. Бірнеше ай өткен соң әлеуметтік желіде бейнебақылау камераларынан алынған бұл кадрлар пайда болды. Болжам бойынша ол жерде полцейдің оқ атқаннан кейінгі жағдай көрсетілген. Қызметкерлердің көмек көрсеткеннің орнына пакеттер мен бөтелкелдерді шығарып жатқандары туыстарының ашуына тиді. Қылмыстық іс жабылды, ірақ қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша екі прокуратура қызметкері жұмыстан шығарылды. Біреуі елордалық сот арқылы жұмысына қайта кірісті.
- Железин ауданының прокуроры Шұғаев Есіл аудандың бірінші инстанциялы соттың шешімі бойынша қызметіне қайта оралды. Бірақ бірнеше күн бұрын іс апелляцияда қарастырып пірінші инстанциялы соттың шешімі жойылды. Бүгінде ол қызметінен босатылды, - деді Павлодар облысы прокуратурасы қоғам мүддесін қорғау басқармасының басшысы Асхат Кокумбаев.
Прокурор қызметіне Шұғаев бір ай жұмыс істеді, кейін ол екінші рет жұмыстан шығарылды. Естеріңізге сала кетейін, бұрынғы бақылаушы да қызметіне қайта оралу үшін сотқа шағымданған, бірақ бірінші инстанцияда оның өтінішін қабылдамады.
Авторы: Аида Адрахова