• Басты бет
  • Қоғам
  • Желтоқсан айында жаңа Павлодар-Омбы халықаралық әуе рейсі ашылады

Желтоқсан айында жаңа Павлодар-Омбы халықаралық әуе рейсі ашылады

Асланбек Тугаев тек елімізде емес, сондай-ақ көршілес Ресейде де танымал іс-шаралар жүргізушісі. Шоумен Омбы қаласына жұмыс бабымен жиі барып тұрады. Айтуынша, Павлодар – Омбы халықаралық әуе рейсінің ашылуымен біршама уақыты үнемделетін болады.

- Бұрын барлықтарыңызға мәлім автокөлікпен жету үшін қанша уақыт кетіреміз. Шекарада тұру, қаншама құжат тексеруге уақыт кетеді. Бірақ, қазіргі таңда жалғыз маған емес той саласында жүрген азаматтар мен азаматшаларға өте ыңғайлы жағдай болып жатыр, - деді іс-шаралар жүргізушісі Асланбек Тугаев.

Аталмыш бағыт бойынша билеттер алдын ала сатылымға шықты. Оларды Әуе кассалары немесе онлайн платформалардан сатып алуға болады. Ал рейстер желтоқсанның 28-нен басталады.

- Жол 1 сағат 20 минут уақыт алады. Павлодар қаласынан сағат 14:55-те аттанып, Омбыдан 12:30-да ұшады. Билеттің құны 36 мың теңгеден басталады. Рейстер ресейлік авиакомпаниямен жүргізіледі, - деді Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Ермек Сәрсенбаев.

Алдағы уақытта Омбыдан бөлек, Павлодардан Мәскеуге және Новосібір қаласына тікұшақпен жетуге болады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша қазіргі таңда аталмыш халықаралық әуе бағыттары халықтаралық рейстерді қайта жандандыруды жоспарлап отыр.

 

Авторы: Аида Адрахова.