• Басты бет
  • Қоғам
  • Желтоқсанның 1-інен Қазақстан бойынша «Ақбөкен» акциясы басталады

Желтоқсанның 1-інен Қазақстан бойынша «Ақбөкен» акциясы басталады

Акция екі кезеңмен өткізіледі. Бұл сәуірдің 15-нен мамырдың 15-не дейін, яғни киіктердің төлдейтін кезімен тұспа-тұс келеді. Екіншісі желтоқсанның бірінен 31-не дейін. Қорғау шаралары Май, Баянауыл ауданы және Ақсу, Екібастұз аумақтарында жүзеге асырылады.

- Ақбөкендерді заңсыз аулап қойғаны үшін келтірілген залалды өтеу мөлшері аталығына 500 АЕК, 1,5миллион теңге аналығы немесе төлі болатын болса 350 АЕК мөлшерінде яғни 972 мың тг айыппұл салынатын болады, - дейді Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысы Руслан Тулепбаев.

Қазіргі таңда аймағымызда оң мыңға жуық киік бар деп мәлімдеді инспекция басшысы. Соңғы жылдары олардың популяциясы күрт артқан. Сонымен қатар аумақтық инспекцияда қанша қасқыр аулауға болатынын да айтты.

- Былтыр Павлодар облысында 21 қасқырды аулауға рұқсат берілген болатын. Бұл ғылыми негіздеме қорытындысы бойынша жалпы қанша сан бар соның 10 пайызы ғана алынуға рұқсат береді. Биыл Павлодар облысы бойынша лимит белгіленген, 14 қасқырды аулауға рұқсат етілген, - деді Руслан Тулепбаев.

Соңғы он айда аймағымыз бойынша аң аулау ережелерін бұзу бойынша 64 дерек тіркелген. Инспекция мамандары сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген жануарларды ату, сақтау дерегі туралы білген жағдайда тиісті органдарға хабарлауға кеңес береді.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы